«Бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу және олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 253 бұйрығы

«Бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу және олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 253 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабы 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу және олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидалары;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс

министрінің

2026 жылғы 21 мамырдағы

№ 253 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу және олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.